Қазақстан • 05 Шілде, 2018

Астана -  еліміздегі барлық бастамалар мен оң өзгерістердің флагманы - Елбасы

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана -  еліміздегі барлық бастамалар мен оң өзгерістердің флагманы, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АХҚО-ның ресми ашылу салтанатында.

Астана -  еліміздегі барлық бастамалар мен оң өзгерістердің флагманы - Елбасы

«Бұл күндері әсем Астанамыздың 20 жылдық мерейтойын өткізгелі отырмыз. Тарих үшін қас қағым 20 жылдың ішінде даланың дәл ортасында тұрған шағын қала бүгін миллионннан астам халқы бар мегаполиске айналды. Астана - Тәуелсіздіктің, еліміздің береке-бірлігінің, дамуының, дәрежесінің символы. Астана -  еліміздегі барлық бастамалар мен оң өзгерістердің флагманы. Халықаралық қаржы орталығының ашылуы соның көрінісі», деді Елбасы.

Сондай-ақ Елбасы қаржы орталығының тұсаукесер салтанатына қатысушыларға алғысын білдірді.

«Әсіресе, Әбу Дабидің тақ мұрагері, БАӘ Қарулы күштері Жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид әл Нахаян мырзаға, осында отырған Татарстан Президенті Рустам Минниханов мырзаға ерекше ықыласымды білдіремін», - деді Елбасы.